Мұқтаж азаматтар мемлекет назарынан тыс қалмайды

24 Наурыз 2020, 18:29
2352
Бөлісу:
Мұқтаж азаматтар мемлекет назарынан тыс қалмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг өткізген ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин кезінде еліміздегі мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектесетінін жеткізді.

Кеше мемлекет басшысы өте ауқымды антикризистік шаралар туралы баяндады. Өздеріңіз естігендей мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі. Ешкім қамқорлықсыз қалмайды. Президент сөзінің түйіні осы, - деді министр. 
Сонымен қатар, ол қазір журналистер мен азаматтардан түсіп жатқан сұрақтардың басым бөлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асырылуына қатысты екенін айтты. 
Бүгін осыған қатысты Үкіметтің отырыс өтті. Барлық министрлер мен әкімер кеше президент берген тапсырмаларды орындау бойынша Жол карталарын әзірлейді. Президент тапсырмаларының барлық пунктері орындалады. Мысалы кейбір азаматтар табыстан айырылғанын азаматтарға төлемді қалай алуға болады, оған қандай құжаттар керек екенін сұрап жатыр. Қазір бұл механизмдер ұйымдастырылуда, - деді ол. 

Дәурен Абаев сөз арасында бұл жұмыстардың нәтижесі жақын арада белгілі болатынын және төлемдер кімге тиесілі болса, сол азаматтардың барлығы алатынын айтты. Алу тәртібі қосымша хабарланады.


Өзгелердің жаңалығы