Бас жаңалықтар
Мұнай-газ, машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді
26 Наурыз 2019, 10:06 184

Мұнай-газ, машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сейсенбідегі Үкімет отырысында ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы баяндады. 

Премьер Асқар Мамин қазіргі таңда мұнай-газ, машина жасау саласы одан әрі қарқынды дамуына жоғары әлеуеті бар деп бұрыннан айтуға болатынын еске салды. 

«2018 жылы мұнай-газ секторында жергілікті тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу 43,3%-ды құрады (2,6 трлн теңге сомамен жалпы көлемі 6 трл теңге көлемінде болған). Жергілікті тауарларды сатып алу үлесі 27% және жалпы сомасы 155 млрд теңгеге тең. Соның ішінде мұнай-газ, машина жасау өніміне 53,45 млрд теңге жұмсалды, бұл 34,5%-ға тең. Жергілікті қамту бойынша ең төменгі көрсеткіш тауарларды сатып алуда байқалуда. Бұл отандық машина жасау өндірісін ауқымды резервтердің бар екенін көрсетіп отыр. Сатып алынатын тауарлар тізбесі ауқымды. Атап айтсақ, құбыр өнімдері ыдыстар, сорғылар, арматура және т.б», - деп айтты. 

Оның айтуынша, дамытудың негізгі әлеуеті мен сатып алудың негізгі көлемі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған үлесінде. 

«Мұнай-газ секторында тауарларды сатып алудың жалпы көлемі 50%, бұл үш ірі жобаға тиесілі. 2019 жылы үш жоба бойынша сатып алу жоспары 13,5 млрд АҚШ долларын құрайды, соның ішінде тауарлар бойынша 1,46 млрд АҚШ доллары, тауарларды жергілікті қамту үлесі 11% ғана, ал көлемі 170 млн АҚШ доллары болады деп жоспарлануда. Үш ірі жоба бойынша талдау жүргізіліп тауарларды сатып алуда импортты алмастыру мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейміз», - дейді министр.

Бозымбаев бұл ретте тұрақты сатып алу көлемдерімен сипатталатын базалық өндірісті және кеңейту жобаларын ескеру қажет екенін, осыған орай аталған секторды дамыту резервтерін пысықтау үшін келесідей ұсыныстарды баяндады. Бірінші, ірі жобалардағы тауарларды сатып алу құрамына талдау жүргізу; екінші, мұнай кәсіпшілігіне арналған жабдықты сатып алу көлемі мен түрлерін бөліп көрсету; үшінші, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында немесе жаңа өндірістер құру арқылы тауарлар өндірісін оқшаулау мүмкіндігін зерделеу. Бұл ретте ірі жобалардың техникалық талаптарының, сондай-ақ экспорттық перспективасын ескеру қажет; төртінші, күрделі және жоғары технологияларды жабдықтау, қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыру. 

«Бұл мәселелер үшін нақты шешімдер әзірлеу үшін осы жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшылығымен, Энергетика министрлігімен, «Атамекен» ҰКП және мүдделі органдармен бірлескен жұмыс тобы шеңберінде жүргізу қажет. Мүдделі жұмыс тобы жергілікті қамтуды арттыру және мұнай-газ, машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет», - деп айтты ведомство басшысы.

Асқар Мамин жоспарды әзірлеуге қанша мерзім қажет екенін сұрады. Бозымбаев екі ай керек болатынын айтты. Премьер-министр әріптесіне екі ай ішінде тағы қосымша баяндама жасауды тапсырды.
Назерке Абибулла





Сізден жаңалық