Бас жаңалықтар
Мүлік және жер салығын төлемегендердің тізімі БАҚ-та жарияланады
24 Қыркүйек 2019, 00:56 356

Мүлік және жер салығын төлемегендердің тізімі БАҚ-та жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Мүлік пен жер салығы бойынша қарызы бар қазақстандықтардың тізімі 1 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Онда берешегі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты және қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ең алдымен қарызы 50 мың теңгеден асатын жұртқа, одан соң 20 мың теңге және одан жоғары қарызы барларға қатысты болады.

Аталған салықтарды төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Заң бойынша салық органдары қарызы бар адамның аттарын жариялауға құқылы. Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасының айтуынша, тізімде елімізге танымал тұлғалардың есімдері де кездеседі. БАҚ беттерінен жарияланғаннан бөлек салық төлемегендер қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мен сот орындаушыларының сайтындағы борышкерлердің тізіміне қосылады. Оларға банктен шот ашпау және шетелге шығуға уақытша шектеу қою қаупі бар.

Салық қарызы үшін өзге айыппұлдар қарастырылмаған. Берешек сомасы кешіктірілген жағдайда айыппұл көлемі күн сайын ҚР Ұлттық банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі.

Салық берешегінің болу-болмауы туралы комитеттің kgd.gov.kz сайтынан және электрондық үкіметтің e.gov.kz сайтынан білуге болады.

 

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...