Мұғалімдердің жалақысы төрт жылда екі есе өседі - Аймағамбетов

28 Қараша 2019, 10:59
3435
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысы төрт жылда екі есе өседі - Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында көзделген мұғалімдерді материалдық ынталандыру тетіктерін баяндады.

Мемлекет басшысының "Тамыз конференциясында" берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе артады. Келер жылдан бастап 25%-ға артады деген сөз. Педагогтар арасында жалақыны көтергенде базалық лауазымдық жалақыны ғана көтереді деген үрей бар. Бұл мәселе президенттің тапсырмасы шеңберінде жалпы мұғалімнің жалақысына қатысты болады, - деп айтты Аймағамбетов.

Министр сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы берілетінін және бұл норма еліміз бойынша 182 мың сынып жетекшіге және дәптер тексерушіге, үстемақы алатын 165 мың мұғалімге қатысты екенін атап өтті. 
Барлық педагог үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту нормасы 110 мың әріптесімізге қатысты. Олар оыған дейін 42 күн ғана демалса, енді 56 күн демалады. Тәлімгерлік үшін 21 мың мұғалімге қосымша ақы беру ұсынылады. 17 мың теңгені жыл бойы тәжірибелі мұғалімдер, тәлімгерлер алады деп көзеліп отыр, - деді білім және ғылым министрі.

Өзгелердің жаңалығы