Бас жаңалықтар
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда ой еркіндігіне шектеу жоқ екенін көрсетті – Балаева
VIDEO
29 Қыркүйек 2020, 11:59 84

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда ой еркіндігіне шектеу жоқ екенін көрсетті – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева былтыр құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір жылдан астам уақыттың ішіндегі жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының 6-шығарылымында министр Ұлттық кеңестің басты еңбегі, жоспары мен келешегі туралы ойымен бөлісті.

Министр Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері бір жылдан енді асқанын еске салды. Осы уақыт ішінде қоғамды елең еткізген біршама шаруа атқарылылған. Ең негізгі нәтиже ретінде – саяси реформалар топтамасын айтуға болады. Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қабылданып, «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілген. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыс санатынан алынып тасталып, Әкімшілік кодекске ауыстырылған. 174-баптағы бас бостандығына айыру жазасы – айыппұл салумен алмастырылған. «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданып, сыртқы қарыз бірыңғай реестрі бекітілді. 

Шетелдік жұмыс күшіне квота екі есеге қысқарды. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша космостан мониторинг жобасы жүзеге асып, мемлекет меншігіне 7 млн га пайдаланылмайтын жайылым қайтарылды.


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі біздің қоғамда ой еркіндігі мен пікір алуандығына шектеу жоқ екенін көрсетті. Әрине, кеңес өз жұмысын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен алда жалғастыра беретін болады. Уақыт талабына сай, онда көтерілетін мәселелер, ұсыныстар үнемі жаңарып, жаңғырып отырады. Мысалы, жақында Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысымен мәдени-рухани мәселелерді дамыту бағытында жаңадан топ құрылатын болады. Яғни, Кеңес жұмысы, тек белгілі салаларда ғана шектеліп қалмайды. Ол қоғамның барлық саласындағы көкейтесті мәселелермен айналысады, - дейді Аида Балаева бағдарлама барысында.


Фото: дереккөз
Загрузка...