Бас жаңалықтар
Ұлттар лигасында Қазақстан С дивизионында ойнайды
07 Желтоқсан 2019, 16:03 5906

Ұлттар лигасында Қазақстан С дивизионында ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының 2020/2021 жылғы маусымында С дивизионының төртінші тобына түсті. 

УЕФА-ның атқару кеңесі Ұлттар лигасының 2020/21 жылғы маусымының топтық кезеңінің жеребесін және жаңа форматын бекітті. Жеребе 2020 жылдың 3 наурызында Нидерланды астанасы Амстердамда өтеді. 

Әзірге командалар 4 девизион бойынша 4 себетке орналастырылды. Мәселен, "С" девизионы былай бөлінген:
Бірінші себет – Грекия, Албания, Черногория, Грузия;
Екінші себет – Македония, Косово, Беларусь, Кипр;
Үшінші себет – Эстония, Словения, Литва, Люксембург;
Төртінші себет – Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова.

Жеребе тарту кезінде С дивизионындағы 16 команда төрт топқа бөлінеді. Жалпы А, В, С дивизиондарында 16 құрама болады, ал D дивизионында бар-жоғы 7 құрама бар. 

Ұлттар лигасының топтық кезеңінің ойындары 2020 жылдың 3-5 қыркүйек, 6-8 қыркүйек, 8-10 қазан, 11-13 қазан, 12-14 қараша, 15-17 қараша күндеріне жоспарланған. Финалдық кезең 2021 жылдың 2-6 маусымы аралығында өтпек.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының тарихы 2018 жылдан басталды. Былтырғы жылы Қазақстан құра¬масы «Д» дивизионының бірінші тобында Грузия, Латвия, Андорра құрамаларымен сын¬ға түсіп, алты ұпаймен екінші орын алған еді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...