Бас жаңалықтар
Лотерея билеттерін ұрлап, бір сәтте байып кетпек болған ұры ұсталды
19 Сәуiр 2021, 16:44 244

Лотерея билеттерін ұрлап, бір сәтте байып кетпек болған ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Лотерея билеттерін ұрламақ болған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бородулиха ауданының полиция бөліміне акционерлік қоғамның директорынан белгісіз адамның бөлімше ғимаратының құлпын бұзып кіргені жайында арыз түсті. Бөлімшеден ұялы телефон, стационарлық жүйелік блок және лотерея билеттері ұрланған.

Осылайша, жалпы сомасы 160 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

Учаскелік полиция инспекторы жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірге Жерновка ауылының бірнеше рет сотты болған 22 жастағы тұрғынын күдікті ретінде тергеуге алды. Одан жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...