Бас жаңалықтар
Ливияда мигранттар қысым көріп жатқанын айтты
10 Қазан 2021, 19:51 3694

Ливияда мигранттар қысым көріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливияның бас шаһары Триполидегі БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары штаб пәтерінің алдында ондаған мигрант ереуілге шықты. Наразылар жергілікті биліктен кірмелерді өзге жерге көшіруді талап етті. Көбі Ливиядан кетуді қалап отыр. 

Айтуларынша, босқындар паналап жатқан жерде өмір сүруге еш жағдай жасалынбаған. Оған қоса тәртіп сақшылары келімсектерге күш қолданып, абақтыда отырғандарды соққының астына алатынын айтып отыр.

Айта кетейік, ақпарат көздері жуырда Триполидегі мигранттарды ұстау орталығында жәбір көрген 6 келімсек қаза тапқанын жариялаған еді. Қазір бұл орталықта шамамен 10 мыңнан астам адам өмір сүреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...