Бас жаңалықтар
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына жаппай сырғанау ұйымдастырылды
10 Желтоқсан 2019, 22:43 688

Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына жаппай сырғанау ұйымдастырылды

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына жаппай сырғанау ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға бас қаладағы "Mega Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында орналасқан мұз айдынында жаппай сырғанау ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара "Нұр-Сұлтан – қайырымды қала" аясында қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен жүзеге асырылып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласындағы №85 мектептен әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 оқушы бүгінгі жаппай сырғанауға қатысып отыр. Жалпы бұл Білім басқармасы тарапынан іске асырылып жатқан сауапты істің басы ғана емес. Мұндай игілікті шаралар осыған дейін де атқарылған. Жақында мектебіміздің 1-4-сынып оқушылары «Ailand» отбасылық демалыс орнына барып, көңіл көтеріп қайтты. Одан бөлек, оқушыларымыз боулингке де жиналды. Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шырша тойы жоспарланып отыр, – деді №85 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаура Кеңесқазықызы.
Естеріңізге салсақ, елордадағы №85 мектеп-лицейі былтыр оқу жылы қарсаңында ашылған болатын. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды.



Фото: дереккөз
Загрузка...