Әлемнің 9 елінде Абайдың ескерткіші бой көтереді

12 Қараша 2019, 05:39
5062
Бөлісу:
Әлемнің 9 елінде Абайдың ескерткіші бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің 9 елінің астанасында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай жылында Германия, Италия, Болгария, Аустрия, Моңғолия, Ресей, Грузия, Үндістан және Латвия мемлекеттерінің бас шаһарларына хакім Абайдың ескерткіші қойылмақ.

Шет елдерде ұлы ақынның ескерткішін орнатуға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің атсалысуын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы