Әлемдегі ең қымбат картина жалған болып шығуы мүмкін

14 Сәуір 2019, 11:46
4787
Бөлісу:
Әлемдегі ең қымбат картина жалған болып шығуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының ханзадасы сатып алған Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинасы жалған болып шығуы мүмкін.

Ханзада Леонардо да Винчидің танымал картинасын екі жыл бұрын 450 миллион долларға сатып алған болатын. Егер жалған екені рас болып шықса, онда картинаның бағасы 1200 доллар ғана болады. Бұл туралы New York Post жазады.

«Картинаның жалған екені рас болса, онда өз бағасы 1200 доллар ғана болады», - деді өнертанушы ғалым Бен Льюис.

Оның айтуынша, Лондондағы Ұлттық галерея сатылымға қатысып жатқандарды әдейі шатастырған. Олар сарапшылар тобы картинаның көшірме күйінде жіберіп отырғанын жасырып қалған.

Льюис картинаның растығын анықтау кезінде бағалаушылардың пікірі біржақты болмағанын айтты.

«Әлем құтқарушысы» картинасы 2017 жылдың қарашасында 400 миллион долларға сатылды. Комиссия, салық және басқа да шығындарды қосқанда соңғы сомасы 450,3 миллион долларға шықты. Оны Сауд Арабиясының ханзадасы Бадер бин Абдулла бин Мұхаммед бин Фархан Аль Сауд сатып алған болатын.
Өзгелердің жаңалығы