Бас жаңалықтар
Әлемде коронавирусқа қарсы 141 вакцина әзірленуде
02 Шілде 2020, 10:19 272

Әлемде коронавирусқа қарсы 141 вакцина әзірленуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирусқа қарсы 141 вакцина әзірленуде. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 1 шілдеде The Washington Post газетінде жарияланған мақаласында хабарлады, деп жазады korrespondent.net. 

ДДСҰ бас директоры вирус туралы ақпарат желіде пайда болған кезде вакцина әзірлеу жұмыстары бірден басталғанын атап өтті.

Қазір 141 вакцина әзірленуде. Көшбасшылардың (әзірлеушілер арасында) табысқа жетуіне бірнеше ай кетеді. Әрине, толық қорғаныс кепілдігі жоқ, бірақ біз оған үміттенеміз, - деді Гебрейесус.
Оның пікірінше, коронавирус пандемиясы халықаралық қоғамдастықтың денсаулық сақтау саласындағы дағдарысты шешуде ынтымақтастыққа мұқтаж екенін көрсетті.

Ол сондай-ақ, болашақта болуы мүмкін қауіп-қатерлер алдында денсаулық сақтау саласы бағытында әлем аса қорғалмағанына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, микробқа қарсы препараттарға төзімділігі төмен пандемиямен күрес жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДСҰ 2020 жылдың соңына дейін COVID-19 қарсы вакцинаның жүздеген миллион дозасын алудан үмітті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...