Бас жаңалықтар
Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жетті
PHOTO
16 Қаңтар 2020, 19:05 404

Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жетті

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті халық санына қатысты мәліметтерді жариялады.

1.png

Статистикалық деректерге сүйенсек 2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 млн 611 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735 мың адам (41,6%).

2018 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда, халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) қалыптасты, - делінген статистикалық мәліметтерде.
2.png

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...