Қызылордадан Германияға 685 тонна қамыс экспортталған

18 Ақпан 2021, 07:13
2315
Бөлісу:
Қызылордадан Германияға 685 тонна қамыс экспортталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында шет елге қамыс экспорттау басталған. Алғаш рет Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілген. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есебінде баяндады.

Өңір басшысының мәліметінше, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 пайызға өскен. Яғни пандемияға қарамастан, өңірдегі экспорт көлемі төмендемеген.

Біз әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрін экспорттадық. Өткен жылы күрішшілеріміз гектарына 61,8 центнерден өнім алып, 550 мың тоннадан астам күріш жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд теңге бағытталатын болады, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Өңірде 2030 жылға дейін 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылмақ.

Сонымен қатар, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.



Өзгелердің жаңалығы