Бас жаңалықтар
Қызылорда облысының шаруалары несиелерін бір жылға тоқтата тұруды сұрайды
02 Тамыз 2021, 22:55 632

Қызылорда облысының шаруалары несиелерін бір жылға тоқтата тұруды сұрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал ауданының кәсіпкерлері несиелерін пайызымен қоса 1 жылға тоқтатуды сұрайды деп хабарлайды Atameken Business.   

Осыған орай облыстық Кәсіпкерлер палатасына 42 фермерден өтініш түскен. 

Шаруалардың айтуларынша, аштыққа байланысты биыл біразы малынан айырылған. Қолда бар төрт түліктің де күйі мәз емес. Ол аздай, мал санын көбейтуді көздегендер несие шартына байланысты оларды сата алмайды. 

Осының салдарынан тығырыққа тірелген шаруалар банк қарыздарын өтей алмай жатыр. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасындағылар құзырлы органдарға ұсыныспен шыққан.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...