Қытай: Шиянь қаласында базарда жойқын жарылыс болды

13 Маусым 2021, 13:40
2980
Бөлісу:
Қытай: Шиянь қаласында базарда жойқын жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Қытайдың Шиянь қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) азық-түлік базарында жойқын жарылыс болды. Салдарынан кемінде 11 адам опат болып, 133 адам зардап шекті.

Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккен 133 адамның 37-сінің жағдайы ауыр. Алдын ала нұсқаларға сәйкес, төтенше жағдайға газдың кемуі себеп болуы мүмкін. 

Жарылыс Чжанвань ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30 шамасында болған. Жарылыс салдарынан базардың ғимараты қирап, сол маңдағы үйлердің әйнектері сынған.

Куәгерлердің айтуынша, уақыттың ерте болғанына қарамастан базарда сатып алушылар көп болған, адамдар жақын маңдағы асханалардан таңғы ас ішіп отырған. 

Қалада бірнеше қан құю стансасы жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер мен билік қала тұрғындарын қан құю стансаларына келіп, қан тапсыруға шақырды. 

Төтенше жағдай орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Өзгелердің жаңалығы