Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығыс аймағынан әскерлерді шығара бастады

2 Мамыр 2021, 11:09
1562
Бөлісу:
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығыс аймағынан әскерлерді шығара бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы қақтығыс аймағынан әскери қызметшілер мен әскери техниканы шығаруды бастады, деп хабарлайды ТАСС.

Тараптар мемлекеттік шекарадан тұрақты орналасу пункттеріне қосымша күштер мен құралдарды шығаруды бастады, - деп хабарлады жексенбіде Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі.
Шекара қызметінің мәліметінше, шекарадағы жағдай «тұрақты» деп сипатталады, өткен түнде атыс тіркелмеген.

Сондай-ақ, шекара бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан атысты толық тоқтату туралы келіскенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы