Сенатта байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заң мақұлданды

2 Мамыр 2024, 11:52
770
Бөлісу:
Сенатта байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заң мақұлданды
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенат депутаттары байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау бойынша ҚР-ның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтыру енгізетін заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісінің депутаттырының бастамасымен әзірленген құжат бойынша сенатор Бауыржан Қаниев баяндама жасады. Заңда төмендегідей негізгі өзгерістер бар:

  • байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;
  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;
  • жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау мақсатында бала туылғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;
  • байланыс операторларының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беру жөніндегі қосымша міндеттемелерін белгілеу;
  • алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту.

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылау үшін қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды толықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да заңның аясында қарастырылған, - деді Қаниев.

Ол сондай-ақ қажетті инфрақұрылым құрылысын және шұғыл қызметтердің жұмысын жеделдету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне бюджет қаражаты есебінен телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді түгендеу бойынша құзырет берілетінін атады.

Өзгелердің жаңалығы