Курсанттар Отан соғысының ардагерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2019, 15:39
2517
Бөлісу:
Курсанттар Отан соғысының ардагерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы РЭжБӘИИ баспасөз қызметі хабарлады.


Соғыс ардагерлері құттықтаулар мен сый-сыяпаттарды қабыл алып, жастардың көрсеткен құрметтері үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Соғыс басталған жылы Жаңбыр Керімқұлов 8 жылдық мектепті бітіріп жатқан еді, келесі 1942 жылы ол әскер қатарына алынды. Сол жылдың наурыз айында Беларусь, Украина, Одесса, Венгрия, Румыния, Болгария, Югославияны жау қолынан азат ету операцияларына қатысқан. Соғыста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін "І дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Будапешті азат еткені үшін", "Венаны азат еткені үшін", "Болгарияны азат еткені үшін", "Украинаны азат еткені үшін", "Маршал Г.К.Жуков", "Ерен ерлігі үшін" т.б медальдарімен марапатталған. 

95 жастағы қарт ардагер курсанттарға ақ батасын беріп, ағалық ақылын айтты, Отан қорғау жолында күш біріктіріп, рухани-мәдени құндылықтарды сақтап өтулерін аманат етті. 

Өз кезегінде болашақ офицерлер жанқиярлық ерліктерімен майдан даласында елін қорғаған майдангерлердің ерліктері олар үшін батылдық пен көзсіз ерліктің үлгісі екенін жеткізді. 
Егде тартқан жасына қарамастан Жаңбыр атаның көңіл-қошы жақсы, бізді мерекемен құттықтап, қасіреті мол жылдардан сыр шертті. Осындай аталарымыздың өмірлері мен істері бізге үлгі, - деді курсанттар.

Өзгелердің жаңалығы