Бас жаңалықтар
Күрестен әлем чемпионаты: Отандық балуан І айналымда ұтылды
03 Қазан 2021, 20:25 1288

Күрестен әлем чемпионаты: Отандық балуан І айналымда ұтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем біріншілігінде еркін күрестен Қазақстан командасының тағы бір өкілі жеңіліс тапты, деп жазды Olympic.kz. 

57 келіге дейінгі салмақта белдескен Мейрамбек Қартбай бірінші кездесуде жеңіліп қалды. Ол моңғолиялық Бехбайар Ерденабатпен жолығып, қарсыласына 5:10 есебімен есе жіберген. 

Еркін күрестен Қазақстан командасының екі өкілі қола медальға таласады. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков пен 125 келідегі Олег Болтин әлемдік доданың жүлдесінен үмітті. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...