Бас жаңалықтар
Кубада бір тәулікте 16 адам коронавирустан көз жұмды
25 Маусым 2021, 07:45 422

Кубада бір тәулікте 16 адам коронавирустан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен ауырған 16 науқас қайтыс болды, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл сәуірдің аяғынан бастап рекордтық көрсеткіш және пандемия басталғаннан кейінгі SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының тәулігіне шыққан жоғары екінші көрсеткіш. Осылайша, республикада COVID-19 асқынуынан зардап шеккендердің жалпы саны 1209 адамға дейін өсті.

Сондай-ақ 24 маусымда Кубада коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың тағы 1880 жағдайы анықталды. Пандемия басталғаннан бері республикада SARS-CoV-2 инфекциясының 174 789 жағдайы расталды. Сонымен бірге Куба билігі шілде айының соңына дейін Гавананың 2,2 миллион тұрғынына вакцина егуді көздеп отыр. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...