Бас жаңалықтар
Досаев елімізде кредит беру шарттарының қалай өзгеретінін айтты
23 Шілде 2019, 10:52 2468

Досаев елімізде кредит беру шарттарының қалай өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта банктер азаматтарға кредит берер алдында борыштық жүктемесін есептеу кезінде барлық мәселені ескереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Азаматтардың берешегін өсірмеу мақсатында жыл соңына дейін онлайн кредиторлар, кредиттік серіктестер мен ломбардтарды реттеуге арналған нормативтік актілер қабылданады. Банктер мен банктік қызмет туралы заңға, сондай-ақ микроқаржылық ұйымдар туралы заңға 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздарға тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым орнату бойынша түзетулер енгізілетін болады. Ұлттық банк аталған түзетулерді Парламенттің қарауына қыркүйекте енгізеді», - дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, кредит алған адамның отбасына қалыпты өмір сүруге қажетті қаржыны қалдыру үшін азаматтардың борыштық жүктемесін есептеу кезінде барлық мәселе ескерілетін болады.

«Қарыз алушының барлық міндеттемесі, оның төлем қабілеттілігі және әлеуметтік мәртебесі есепке алынатын болады. Борыштық жүктеме коэффицентінің шекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының кәмелеттік жасқа толмаған әрбір мүшесіне тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері шегерілетін болады.Тұтынушылық кредиттерді беру кезіндегі банктердің меншік капиталына қойылатын талаптар күшейетін болады. Осының арқасында шектен тыс кредит беру саясатының алдын алуға болады», - дейді бас банкир.

Бұған дейін вице-премьер Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесі жақында құрылған Ұлттық кеңесте талқыланатынын айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық