Футбол ойнай алмағаны үшін жәбір көрген оқушы суицид жасаған

2 Наурыз 2021, 17:41
6824
Бөлісу:
Футбол ойнай алмағаны үшін жәбір көрген оқушы суицид жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша брифинг барысында айтты.

Біздің қоғамда да жәбірлеу жасөсіпірімдер арасында кездеседі. Мәселен біздің мектептің бірінде 12 жастағы оқушылар сыныптасына футбол ойнай алмағаны үшін кемсіткен. Бірнеше ойындардың жеңілісіне оны кінәлаған. Сыныптасына барлық сынып күлгені баланың суицид жасауына алып келген. Жалпы балалар арасындағы суицидтің 80 пайызын анықтау мүмкін емес. Оның ішінде замандастары арасындағы жәбірлеу де болуы мүмкін, - деді ол. 

Қожаев атап өткендей, осы орайда қылмыстық не әкімшілік құқықбұзушылықты енгізу аталған заңнамада енгізілмеген. 

Біздің ойымызша, буллинг және кибербуллинг ұғымдарын ұлттық заңнамаға енгізу оны кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтік қызметкерлердің осы жолда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, - деді ол. 

Қожаев айтқандай, Ұлыбританияда ұстаздар кибербуллингтің барлық түрі бойынша оқытылады. 

Францияда ұстаздар оқушылардың блогын қарап, агрессорлар мен құрбандарды анықтайды. Агрессорларды мектептен шығару қарастырылған. Жапонияда 2013 жылдан бастап буллингті алдын алу бойынша заң жұмыс істейді, - деді Қожаев.

Өзгелердің жаңалығы