Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

5 Шілде 2021, 21:23
5711
Бөлісу:
Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордада өткен Елбасы кубогі аясында алғаш рет тек қана Қостанай жылқысы қатысқан аламан өтті.

Бұған бастамашы болған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Осыдан бірнеше ай бұрын «Қазақтың қазанаты» атанған Қостанай жылқысының тұқымын сақтап қалу, оны одан ары дамыту мақсатында астанада алқалы жиын өткен болатын. Сол жиын барысында кезінде Кеңес одағын дүрілдеткен айтулы тұқымнан небары 48-ақ бас жылқы қалғаны анықталған.

Ғалымдардың, жылқы шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің, жылқы жанашырларының басын қосқан сол жиынның шешімі бойынша, биылдан бастап Қостанай жылқысы тұқымын дәріптеп, дамыту мақсатында тек қана Қостанай жылқысы қатысқан бәйге ұйымдастыру ұсынылған еді.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Бүгін сол айтылған сөз айтулы іске айналып, Қостанай тұқымы екені анықталып, нақты дәлелденген 10 ат жарыс жолына шықты.

Осы орайда, жарыс жолына шыққан 10 жүйрікті оқырман қауымға таныстыра кетуді орынды көрдік. Себебі, алдағы уақытта бұл дәстүрлі түрде өтетін бәйге болғандықтан, аламан десе ішкен асын жерге қояр кейбір оқырмандарымыз, бұл жүйріктердің алдағы уақыттағы аяқ алысын, жетістіктерін осы бастан қадағалай отырсын деген ниеті.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Сонымен:

Бірінші нөмірде: Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылынан келген Талғат Қабдидің күрең дөнені. Шабандозы – Мейірлан Нұрболатов.

Екінші нөмірде: Қарағанды облысы Абай ауданынан келген Бүркітбай Серікбековтің торы құнаны. Шабандозы – Халид Абдырахманов.

Үшінші нөмірде: Алматы облысы Қарасай ауданынан келген Әлинұр Назарбаевтың биесі. Шабандозы - Байхан Асанқұлов.

Төртінші нөмірде: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Эдуард Барановскийдің 5 жасар күрең биесі. Шабандозы – Нұрсұлтан Аманжол.

Бесінші нөмірде: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Айбат Қабажаевтың 7 жасар күрең айғыры. Шабандозы – Нұрислам Ораз.

Алтыншы нөмірде: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Әлішер Сәпішевтің 5 жасар торы айғыры. Шабандозы – Матвей Ватиков.

Сегізінші нөмірде: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Эдуард Барановскийдің 6 жасар күрең айғыры. Шабандозы – Мұрат Абылай.

Оныншы номірде: Қостанай облысы Майкөл ауылынан келген Владимир Кравецтің күрең дөнені. Шабандозы – Нұрәли Бимағамбет.

Он бірінші нөмірде: Қостанай қаласынан келген Нұрбол Абдрахмановтың торы байталы. Шабандозы – Ринат Рыскелді.

Он бесінші нөмірде: Ақмола облысы Шортанды ауданынан келген Әділет Тасмағамбетовтің күрең дөнежін биесі. Шабандозы – Нұрбол Оралбаев.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Жылқыға, қазақ жылқысына деген жанашырлықпен өткізілген бұл бәйгенің де жүлде қоры айтарлықтай. Тіпті Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Қанайұлы бір сөзінде бұл бәйге алдағы жылдарда дәстүрге айналып, бас жүлдеге пәтер тігілетін деңгейге жететінін де айтып қалды.

Бұл тұралап тұрған зауытты қайта жаңғыртып, осы бір ерекше тұқымға ел көңілін, үкімет назарын аударудың таптырмас жолы болмақ.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Күннің ыстығына қарамастан жарыс жолына шыққан 10 саңлақ, әуелі жарысты баяу бастады. Еті қызып, еңсесі көтерілгенде жұлдызша ақты, жануарлар. Тіпті, ат екпініне шыдамаған 10-нөмірлі шабандоз жол ортада ауып түсіп қалды. Ат иелері дереу басқа баланы ауыстырып мінгізгенімен, алдыңғы аттар бір айналымға ұзап кеткен болатын.

Сонымен 23 шақырымға жарысқан 10 аттан мәре сызығын үш ат кесті. Жүлде де алғашқы үш атқа берілетін еді.

Ал Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

3-орын: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Айбат Қабажаевтың Танго есімді 7 жасар күрең айғыры. Шабандозы – Нұрислам Ораз, бапкері – Абылайхан Садыман. Танго тарихи бәйгеде 1 миллион теңгені қанжығасына байланды. Оның 500 мыңын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 500 мыңын «Бәйге» федерациясы берді.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

2-орын: Қарағанды облысы Абай ауданынан келген Бүркітбай Серікбековтің Бақ-Сұлтан атты торы құнаны. Шабандозы – Халид Абдырахманов, бапкері – Бекболат Серікбеков. Бақ-Сұлтан бағы жанған бұл бәйгеден 2 миллион теңге жүлдемен қайтты. Оның 1 миллионын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 1 миллионын «Бәйге» федерациясы берді.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

1-орын: Қостанай облысы Заречный кентінен келген Әлішер Сәпішевтің Монкантур атты 5 жасар торы айғыры. Шабандозы – Матвей Ватиков, бапкері – Ғани Қыпшақбаев. Қостанай жылқысын қолдау мақсатында өткен тарихи бәйгенің тұңғыш жеңімпазы Монкентур жеңісі үшін 4 миллион теңге қанжығаланды. Оның 1,5 миллионын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 2,5 миллионын «Бәйге» федерациясы берді. Сонымен қатар, Монкентур Қостанай жылқысы тұқымының арасында алғаш рет Елбасы кубогінің иегері атанды.

Қостанай жылқысы. Тұңғыш бәйгенің тұңғыш жеңімпазы анықталды

Бәйге түрлерінен Елбасы кубогін Нұр-Сұлтан қаласының және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Сонымен қатар Нұрбол Назарбаев басқаратын "Бәйге" федерациясы аламанның бас демеушілерінің бірі борлды.

Өзгелердің жаңалығы