Аймағамбетов Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтады

5 Шілде 2021, 20:23
4210
Бөлісу:
Аймағамбетов Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қажахмет Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтады.

Отандық білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметовті 95 жас мерейтойымен құттықтау үшін, үйіне бардым. Оған отандық білім беру саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірдім - деп жазды министр өз парақшасында.

Қажахмет Балахметұлы 13 жылдан астам білім беру саласын басқарды. 

Ауылдан шыққан мұғалім Қазақ КСР білім министрі болды. Қажахмет Балахметұлы әлі күнге дейін білім саласы туралы үлкен құлшыныспен айтып, осы саланы бар жан-тәнімен қолдайды. Ол білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, барлық жаңашылдықтар мен қабылданған шешімдер туралы хабардар болып отырады. Осындай ардақты ағаларымыз аман болсын! - деді Асхат Аймағамбетов.

Қажахмет Балахметұлы 1926 жылдың 26 мамырында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Сулыкөл ауылында дүниеге келді.

1948 - 1952 жылдары Сырымбет орта мектебінің мұғалімі болып істеді.

1953 - 1957 жылдары Еңбекшілдер ауданына қарасты Макинск және Степняк орта мектептерінің директоры міндетін атқарды.

1957 - 1960 жылдары Көкшетау облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

1968 - 1970 жылдары облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды.

1970 - 1974 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің ғылым және білім беру мекемелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары  болып қызмет істеді.

1974 - 1987 жылдары Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.

13 жылдан астам уақыт қазақ-корей достығы қауымдастығының төрағасы болды.

Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбектері жарық көрді.

ТМД елдерінің Халықаралық балалар қоры ассоциациясының вице-президенті болып сайланды.

Ол үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен, төс белгілерімен, грамоталармен марапатталды. КСРО-нің, Қазақ КСР, КСРО-ның жоғарғы және орта білім беру Министрлігінің оқу ағарту ісінің үздігі.

Еңбек Қызыл Ту ордені, "Парасат" ордені, "Еңбек ардагері" медалі, "Көкшетау қаласының Құрметті азаматы" атағы, "Айыртау ауданының Құрметті азаматы" атағы, мерейтойлық медальдарімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы