Коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 8,8 млрд теңге бөлінді – Баталов

4 Қараша 2020, 13:54
2217
Бөлісу:
Коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 8,8 млрд теңге бөлінді – Баталов
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» онлайн брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.


 

Covid-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді, дер кезінде қабылданған шараларға қарамастан кадрлар мен жабдықтар жетіспейді. Биыл 12,9 млрд теңге көлеміндегі 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр, 7 нысанның күрделі жөндеуіне 3 млрд теңге бөлінді,-деді Баталов. 

Сондай-ақ Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, ол барлық қажетті заманауи жабдықтармен және штатпен (452 медперсонал бірлігі) жасақталған.

Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге, оның ішінде коронавирустың екінші толқынына дайындыққа 8,8 млрд теңге бөлінді. Материалдық қолдау көрсету аясында бес мыңнан астам медицина қызметкеріне (5 362) 4,7 млрд теңге сомасында үстемеақы төленді, жергілікті бюджеттен 1 123 медицина қызметкері 137 млн теңгеге сыйақы алды, - деп атап өтті әкім. 

Айта кетейік, Амандық Баталов бұған дейін биыл өңірде 153 млрд теңгенің 71 жобасы іске асырылатынын және 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ өңірдегі 90 елді мекендегі судың сапасы жақсаратынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы