90 елді мекендегі судың сапасы жақсарады – облыс әкімі

4 Қараша 2020, 13:44
2197
Бөлісу:
90 елді мекендегі судың сапасы жақсарады – облыс әкімі
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» онлайн брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу бойынша облыста 17,9 млрд теңгеге 110 жоба іске асырылып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 90 елді мекендегі судың сапасы жақсарады. Бүгінгі күні Алматы облысы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша көшбасшы – 98,8%. Облыс халқының 80%-ы ауылда тұратынын білесіздер. Бұл біз үшін өте маңызды, - деді ол. 

Өңір басшысының айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – газдандыру. Бүгінгі күні облыстың 15 ауданы мен қаласында газ жүргізілді, 144 елді мекенге газ жеткізілді.

Талдықорғанда төртінші кезек аяқталып қады. Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында кентішілік желілердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Жыл соңына қарай 1,2 миллион тұрғын немесе 57% -ы газдандыру мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда газ бес ауданға жеткізілмеген, ол үшін Ақсу – Сарқан – Үшарал және Шелек – Кеген - Нарынқол бағыттары бойынша газ құбырларының құрылысы бойынша құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде 300 мыңнан астам адам газбен қамтылады, - деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, Амандық Баталов бұған дейін биыл өңірде 153 млрд теңгенің 71 жобасы іске асырылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы