COVID-19: Үйде емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алынады

7 Тамыз 2020, 11:43
2320
Бөлісу:
COVID-19: Үйде емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізіміне қабынуға қарсы парацетамол мен ибупрофен препараттары, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары кіреді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.

Көптеген жағдайда ауру жеңіл немесе орташа ауырлықта жүреді, бірақ медициналық қолдауды қажет етеді. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты диагностикалау және емдеу хаттамасына амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан пациенттерге арналған негізгі бес препаратты енгізуді мақұлдады, - деді Есқалиев.

Оның айтуынша, амбулаториялық дәрі-дәрмектер тізіміне қабынуға қарсы парацетамол мен ибупрофен препараттары, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары кіреді.

Қазір сатып алу рәсімдері аяқталуда. Олар 8,6 миллиард теңгеге сатып алынады. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша бұл қор бір миллион науқасты қамтамасыз етуге жеткілікті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы