Бас жаңалықтар
Коронавирустан тағы екі науқас емделіп шықты
29 Наурыз 2020, 22:22 398

Коронавирустан тағы екі науқас емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас емделіп шықты.

Науқастың бірі, әйел адам, Франкфурт –Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі Мәскеу – Алматы рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды. 

Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...