Бас жаңалықтар
Қытай сыртқы істер министрі коронавируспен күрестегі жетістіктері туралы айтты
14 Ақпан 2020, 23:18 61

Қытай сыртқы істер министрі коронавируспен күрестегі жетістіктері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бар күш-жігерін жұмылдырып отырған Қытай елі әлемде коронавирустың жаппай таралуын болдырмады. 

Қытайдан тыс жерлерде вирус жұқтырғандардың саны 1 пайыздан аспайды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрі Ван И Германияға сапары барысында мәлімдеді. 

Ол инфекцияның эпицентрі болып саналатын Хубэйден тыс жаңа жағдайлардың саны 10-күн қатарынан азайып келеді және барған сайын қалпына келу жағдайлары бар екенін айтты. 

Статистикалық деректер мен фактілер жалпы жағдайға сүйене отырып, бұл індетті бақылауға болатындығын және ауруды емдеуге болатындығын көрсетеді, - дейді Ван И Қытайдың сыртқы істер министрлігінің сайтында келтірілген мәлімдемесінде. 

Оның айтуынша, емдік дәрі-дәрмектер әзірлеу деңгейі артқан сайын, ҚХР-да бұл ауруды жеңу үшін барлық мүмкіндіктер бар деген сенім артып келеді. Сыртқы істер министрі Ван И коронавирус індеті басталғаннан бері Қытай бұл туралы дереу Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына және әлемдік қауымдастыққа хабарлап келгенін және басқа елдермен өзара ынтымақтастықта ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстануды жалғастыратын атап өтті. 

14 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда жұқтырғандардың саны 63,8 мың адамнан асып, 1380 адам қайтыс болды. ҚХР-дан тыс жерде 505 науқас вирус жұқтырған.


Фото: дереккөз
Загрузка...