Коронавируспен ауырған пациентке МРТ жасатудың қажеті жоқ – дәрігер

8 Шілде 2020, 16:06
2260
Бөлісу:
Коронавируспен ауырған пациентке МРТ жасатудың қажеті жоқ – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева айтты.

Соңғы нұсқаулық бойынша коронавируспен ауырғандарға "Ремдесивир", "Фавипиравир" сияқты жаңа вирусқа қарсы препараттар тағайындалып жатыр. Бұл дәрілер жақын күндері Қазақстанға жеткізіліп, пациенттерімізді емдейміз деп үміттенеміз. Қазіргі нұсқаулықтарда иммундық жүйенің гиперергиялық реакциясы дамыған, жағдайы ауыр пациенттерге биологиялық препараттарды қолдану ұсынылған. "Тоцилизумаб" сияқты препарат елімізде бар, оны дәрігерлер жағдайы ауыр және аса ауыр пациенттерге қолдануда, - деді дәрігер.

Ол пациентке ауыр дәрілер белгіленсе, онда ем-дом алу шаралары аяқталғаннан кейін тиісті ағзалардың функцияларын бақылау керегін айтты.

Ал бүйрекке беретін ауыртпалыққа қатысты айтарым, коронавирус инфекциясы кезінде пневмонияның орташа ауыр және ауыр түрімен ауырып жатқан пациенттерді емдеу барысында бұл препараттар қауіпсіз. Олардың жартысы нефроуытты (бүйрекке әсер ететін), гепатоуытты (бауырға әсер ететін), кардиоуытты (жүрекке әсер ететін) болып келеді. Егер пациентке осындай дәрілер белгіленсе, онда ем-дом алу шаралары аяқталғаннан кейін тиісті ағзалардың функцияларын бақылау керек. Коронавируспен ауырып тұрған барлық пациентке миына МРТ жасатудың қажеті жоқ - оны тек неврологиялық симптомдар пайда болғанда ғана жүргізеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы