Ақтауда полицейлер коронавирус жұқтырған жезөкшелерді жасырып қалған

23 Сәуір 2020, 16:01
1563
Бөлісу:
Ақтауда полицейлер коронавирус жұқтырған жезөкшелерді жасырып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтау қаласында полиция департаменті қызметкерлерінің коронавирус жұқтырған адамның жезөкшелермен байланысын жасырғаны анықталды.

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесе полиция департаменті лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолын кесті.Олар шетелдік азаматтарға Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысатын притондар желісін ұйымдастыруға көмектескен, - дейді Қуаныш Жапақов.

Осыған қарамастан, полиция қызметкерлері притондардың құқыққа қайшы қызметінің жолын кесуге негізделген шараларды қабылдамаған.

Тіпті, коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын да жасырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі парақорлық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, жезөкшелік притондарын ұйымдастыру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туралы ақпаратты жасыру фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тиісті мекемелерге хабар бергеннен кейін 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Шетелдік екі азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды, - дейді аппарат басшысы.
Бұған дейін Қуаныш Жапақов карантин кезінде полицей адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін 1 млн теңгеден астам пара алғанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы