Бас жаңалықтар
Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды
26 Наурыз 2020, 19:20 29270

Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустан айығып шыққан адамның денсаулығына қатысты түсінік берді.

Жазылып шыққан науқасқа вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен клиникалық хаттамаға сәйкес симптомды емдер қолданылды. Ол емдерді жақсы қабылдады, дәрілерге қарсы ешқандай теріс белгілері болмады. Одан коронавирусқа қарсы екі рет тест алынды, барлығының нәтижесі теріс болды, - деді ол. 

Басқарма басшысы бұл науқастың қолдан демалдыратын ЭВЛ аппаратын қолданбағанын, ол кісіде жеңіл түрінде өткенін айтты.

Бүгінгі күні қаладағы медициналық мекемелерде 479 осындай аппарат бар көрінеді. Сонымен қатар, коронавирус анықталған адамдарды емдейтін 3 стационар жұмыс істеп тұр, 6 стационар адамдарды карантинге жатқызуға бағытталған, оған шетелден келген азаматтар жіберілуде. 

Дегенмен ол, 1957 жылы туған өзге науқас қолдан демалдыру аппаратын пайдаланып жатқанын жеткізді.
ЭВЛ аппаратын қолданғаннан бері науқастың денсаулығы нашарлаған жоқ. Коронавирус жұқтырған кезде әсіресе тыныс алу жүйелерінің жұмысы қиынадайды. Бұл тыныс жолында созылмалы ауруы барлар арасында кездеседі. Бұл науқастың обструктивті бронхиті бар, міне осы оның жағдайын ауырлатуда, - деді Әбілдаев. 

Сондай-а ол, қалада қолдан демалдыру аппараттары жеткілікті екенін, қажет болса  өзге медициналық мекемелерден қосымша жеткізуге мүмкіндігіміз барын айтты. 

Алматы қаласында осы уақытта коронавирус жұқтырған 40 жағдай тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша 109 адамнан вирус анықталған. Нұр-Сұлтан қаласында – 61, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...