Бас жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 миллионнан асты
31 Шілде 2020, 16:12 172

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия басталғаннан бері әлемде 17,02 миллионнан астам адам ауру жұқтырды, 667 мыңнан астам адам қайтыс болды деп хабарлады  Джонс Хопкинс университеті.

Расталған жағдайлардың саны бойынша бірінші орында АҚШ тұр, онда 4,42 миллионнан астам адам індет жұқтырған. Содан кейін вирус жұқтырған 2,55 миллион адам тіркелген Бразилия, ал үшінші орында 1,53 миллион науқасы бар Үндістан тұр, - делінген хабарламада.

Ресей анықталған жағдайлардың саны бойынша төртінші орында (827 мың). 

Сондай-ақ ОАР елдері бестікке кіреді, онда 471 мың инфекция оқиғасы тіркелді.

Ал Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 89078-ді құрады, оның 59517-сі сауығып шығып, 793-і қайтыс болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...