Бас жаңалықтар
Енді коронавирусқа шалдыққан науқастардан қолхат алынады
01 Тамыз 2020, 16:26 2480

Енді коронавирусқа шалдыққан науқастардан қолхат алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Үй карантинін сақтау шарттарын орындау туралы қолхат бар. Қолхаттың қосымша жобасы бар. Онда елді мекен, туған жылы мен мекенжайы, төлқұжаты, ЖСҚ сынды мәліметтер болады. Қолхатта үй карантинін бұзған жағдайда карантин стационарына жатқызылатыны туралы ескерту бар. Сынама тапсырған азамат құжатқа қол қояды, оның талаптарын сақтайды, - деді ол. 

Бекшин қолхатта талаптарды орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатыны көрсетілгенін айтты.

 Ал халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары және гигиеналық нормативтік талапты бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл бар екені хабардар етілген. Немқұрайлық нәтижесінде адамдардың жаппай ауру жұқтыруына жол берген жағдайда қылмыстық жауапкершілік бар екені де ескертілген. Осы ақпаратпен науқас танысып, қолхатқа қол қояды, - деді ол.
Еске салсақ, бүгін Жандарбек Бекшин арнайы Қаулы шығарып жатқанын да атап өтіп, коронавирус жұқтырған азаматтар 12 сағат ішінде есепке алынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, коронавирус індеті анықталған адамдардың үй карантинінде емделуін полиция департаменті мен еріктілер, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізу үшін аудандық мобильдік топтарды құру тапсырмасы берілгенін де атап өтті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...