Коронавирус. Қызылорда облысында соңғы тіркелген 4 науқас жайлы мәлімет

8 Сәуір 2020, 21:19
1761
Бөлісу:
Коронавирус. Қызылорда облысында соңғы тіркелген 4 науқас жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған соңғы 4 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Вирусты жұқтырғандардың үшеуі Шиелі ауданында, біреуі Арал ауданында тіркелді.  Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда емделушілердің жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 08.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекцияғсын жұқтырған 76 адам анықталды:

Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 38, Сырдария ауданында – 7, Арал ауданында – 2 адам.

Өзгелердің жаңалығы