Бас жаңалықтар
Коронавирус: Ол өзі бізбен байланысқа шықты – СІМ Кореядағы қазақстандық туралы
04 Наурыз 2020, 10:45 4014

Коронавирус: Ол өзі бізбен байланысқа шықты – СІМ Кореядағы қазақстандық туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деп тараған ақпараттағы Қазақстан азаматы еліміздің СІМ өкілдеріне өзі хабарласқан.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан азаматы әлеуметтік желідегі өзінің суретін көріп, таңқалған.

2020 жылғы 3 наурызда Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінің орыстілді топтарында Оңтүстік Кореяның Кёнгидо провинциясының Ансон қаласында заңсыз жүрген Қазақстан Республикасының азаматы COVID-2019 коронавирусқа шалдыққаны расталды деген ақпарат тарады. Аталған әлеуметтік желілердің хабарлауынша, ҚР азаматы клиникадан қашып кетіп, қазіргі таңда полициямен іздестірілуде. Мұндай ақпарат Хабар-24 отандық телеарнасында да хабарланған. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы тиісті іс-шаралар жүргізіп, оның нәтижесінде бұл ақпарат расталмады. Жергілікті полиция және біздің азаматпен байланыс орнатылған. Ол бұған дейін клиникаға бармағанын және коронавирустың бар-жоғын анықтайтын қандай да бір анализ тапсырмағанын жеткізді. Корея полициясының ақпараты бойынша, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық азамат коронавирусқа шалдыққан адам барған қоғамдық тамақтану орнында болған. Осыған байланысты белгіленген тәртіпке сәйкес, оған және сол уақытта осы мекемеде болған барлық адамдарға егер аурудың сыртқы белгілері байқалған жағдайда вирустың бар-жоғына қатысты тест тапсыру қажет, - деп хабарлады брифинг барысында СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяның Кёнгидо провинциясының Ансон қаласында заңсыз жүр. Ол қазір коронавирусқа қатысты барлық қажетті анализді тапсыруға дайын.
Отандасымыз барлық қажетті медициналық процедуралардан өтуге және жергілікті билікпен ынтымақтасуға дайын. Біздің елшілік Оңтүстік Корея аумағында коронавирус анықталған алғашқы күннен бастап жергілікті СІМ және ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Корея орталығымен тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған орталықтың ұсынысы бойынша біздің отандасымыз телефон арқылы күнделікті денсаулығына бақылау жүргізіп, үй карантинінде болуы қажет. Бұл ұсыныс аурудың сыртқы белгілері жоқтығына негізделгенін және оған емдеуге жатқызудан және коронавирустың болуын тестілеуден бас тартылды. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі бұл мәселені тұрақты бақылауға алады, - деді Смадияров.

Осындай жалған ақпараттың тарауына байланысты СІМ өкілі ресми ақпаратты күтіп, нақтылап барып беруді сұрады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты СІМ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тексерілмеген ақпаратты жариялап, дүрліктірмеу және үрей тудырмауды сұрайды. Сыртқы саяси ведомствоның ресми түсініктемесін күту қажет. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарындағы коронавирусқа қатысты ақпарат алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласуды сұраймыз. Ал Сыртқы істер министрлігі шетелдегі біздің отандастырымызға қатысты ақпаратты тексеріп, нақты мәлімет беруге тырысады, - деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...