Бас жаңалықтар
Коронавирус: Италияда бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды
28 Наурыз 2020, 03:24 670

Коронавирус: Италияда бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 9134-ке жетті. Бір күнде 969 кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды Италияның Азаматтық қорғау департаменті.

24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылып, вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асып кетті. Италия қазір қайтыс болғандар бойынша әлемде бірінші, вирус жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан (96 мыңнан астам адамнан вирус табылды) кейін екінші болып тұр.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 566 мыңнан асты. 25423 адам қайтыс болды. 127768 адам дертінен айықты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...