Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді

26 Наурыз 2020, 08:26
1699
Бөлісу:
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай туралы хабарланды.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп жазды coronavirus2020.kz.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 88 науқас тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы