Қырғызстанда коронавирус бойынша алғашқы өлім тіркелді

3 Сәуір 2020, 11:48
971
Бөлісу:
Қырғызстанда коронавирус бойынша алғашқы өлім тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб мәлімдеді.

2 сәуір күні Ош облысына қарасты Ноокат өңірлік ауруханасында 61 жастағы науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, обсервация стационарында ем алған. Одан алынған сараптамадан COVID-19 инфекциясы анықталған ,-делінген хабарламада.

Науқаста басқа да ауруы болғаны айтылған. 

3 сәуір күні Қырғызстанда коронавирус анықталған 9 жағдайы тіркелген. Жалпы ел бойынша 125 адамнан қауіпті індет анықталған. Бұған дейін бес науқас жазылып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы