Коронавирус: АҚШ-та 9 адам қайтыс болды

4 Наурыз 2020, 09:10
2839
Бөлісу:
Коронавирус: АҚШ-та 9 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар тек Вашингтон штатында тіркелді.

Вашингтон штатында коронавирустан қайтыс болғандар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы штаттың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, сейсенбі күні Вашингтон штатында 27 адамнан анықталды. Тоғыз адам қаза тапты.

Жалпы АҚШ-та 118 адам коронавирус жұқтырған. 

БАҚ деректеріне қарағанда, бұл санға жергілікті денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері де кірді. Бірақ әлі расталған жоқ.

АҚШ-қа келген 48 адамнан және 13 штаттың 70 тұрғынынан вирус анықталды.

Өзгелердің жаңалығы