Коронавирус: Алматы волонтерлері маска таратуды қолға алды

18 Наурыз 2020, 17:29
2042
Бөлісу:
Коронавирус: Алматы волонтерлері маска таратуды қолға алды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен волонтерлер "COVID-19"  коронавирус инфекциясының таралуына байланысты #Birgemiz челленджін бастады.

Челлендж барысында жасотандық волонтер Шербаева Бибінұрдың бастауымен қазіргі уақытта тапшы болып жатқан көп рет қолданылатын 100 медициналық маскаларды тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратпақ.

маска2.jpeg

Іс-шараның басты мақсаты – елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде біріге отырып мұқтаж жандарға көмек көрсету, волонтерларды аталмыш акцияны қолдауға шақыру.

макск.jpeg
Ардагерлер жане балалар үйіне кіруге рұқсат жоқ болғандықтан тазалық сақшыларына, автобус жүргізушілеріне және қала тұрғындарына 100 бірнеше рет пайдалануға болатын медициналық маска таратамыз. Екі күн ішінде Шербаева Бибінұрдың бастауымен 100 маска тігіліп, дайын болды. Волонтерлар дайын болған маскаларға резіңкелер тағып, үтіктеп арнайы конверттерге салады. Бәрі медициналық нормаларға сай, таза стерилді түрде дайындалған. Масканы пайдаланып болған соң жуып, үтік буымен басып қайтадан киюге болады, - дейді "Jas Otan" ЖҚ жоба үйлестірушісі Нұрсәулет Сапарбаева.

Өзгелердің жаңалығы