Елордада көпбалалы отбасыға берілетін жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау басталды

1 Желтоқсан 2019, 10:15
6354
Бөлісу:
Елордада көпбалалы отбасыға берілетін жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Көпбалалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының "Тұрғын үй қоры" КММ сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Бұл бағдарламада "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаттағы тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Пәтер саны: 251

– 184 үш бөлмелі пәтер  (65-85 ш.м.)

– 67 екі бөлмелі пәтер  (60-70 ш.м.)
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39.

Құжаттарды қабылдау: Биылғы жылдың 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында

Құжаттарды қабылдау уақыты 1-2 желтоқсан сағат 10.00-дан 16.00-ге дейін, 3-6 желтоқсан сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін. Үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы ХҚО-нан анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

6) Көпбалалы ана кітапшасы (егер бар болса көшірмесі)

Өзгелердің жаңалығы