Бас жаңалықтар
Колонияға тыйым салынған заттар кіргізбек болған адам ұсталды
07 Сәуiр 2020, 20:43 214

Колонияға тыйым салынған заттар кіргізбек болған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ Департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне нан тасыйтын көлік жүргізушісі тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне кіргізбек болған.

14 ұялы телефон, 7 қуаттағыш, 5 құлаққап, 13 SIM карта, 9 белгісіз затты қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне кіргізбек болды. Мекеме қызметкерлері рентген аппараттың көмегімен нан науасының тақталарының арасына айламен жасырлған заттарды тәркіледі. Тыйым салынған заттардың түзеу мекемсінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арналғаны белгілі болды, – делінген хабарламада.

Аталған дерек СДТБ-ға тіркеліп, қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.

Қазіргі уақытта заңнамада белгіленген тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шаралар кешені қабылдануда.

Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...