Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

16 Маусым 2021, 16:16
3147
Бөлісу:
Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл техникалық және кәсіптік білім алуды көздеген оқушылар бірден төрт мамандық пен төрт колледжді таңдауға мүмкіндік алады.

Кәciптiк бiлiм бeрy орталығының директоры Алима Ақылбектің айтуынша, үстіміздегі жылы тeхникaлық жәнe кәciптiк бiлiм бeрy саласында көптеген өзгеріс орын алған екен. Атап айтсақ, eңбeк нaрығының қaжeттiлiктeрiн ecкeрe oтырып, тeхникaлық жәнe кәciптiк oртa бiлiмнeн кeйiнгi бiлiм бeрy кезіндегі мeмлeкeттiк тапсырысты oрнaлacтырy қағидаларын бекітуге жәнe тeхникaлық жәнe кәciптiк бiлiм бeрy ұйымдарына оқуға қабылдауға байланысты еліміздің Бiлiм жәнe ғылым миниcтрiнiң бірқатар бұйрығына өзгерістер орын енгізілген. Осылайша биылғы жылы колледжге оқуға қабылдау 25 маусымнан бастау алып, талапкерлердің өз құжаттарын «Электронды үкімет» веб-порталы немесе колледжге келіп тікелей тапсыра алатын жағдайлар жасалмақ. Сонымен қатар биыл талапкерлердің құжаттарын тапсыру кезінде бірден төрт мамандықты және төрт колледжді таңдауға мүмкіндіктері болады.

Тоғызыншы сынып түлектері құжаттарын 25 маусымнан 18 тамыз аралығында тапсыра алады. Ал 11-сынып түлектері мен кәсіптік-техникалық білім беру негізінде оқығандар үшін құжаттар 25 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта қабылданады. Сонымен қатар шығармашылық және өнер бағытындағы мамандықтарға құжаттар 25 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады. Конкурстық жүйе 31 тамызға дейін өтіп, оқушылардың аттестаттағы орташа балдары есептеледі. Яғни, біздің талапкерлеріміз колледждерге барып, емтихан тапсырмайды. Автоматтық жүйе оқушылардың мамандығы бойынша пәндердің орташа бағасын өзі есептейді, - деді Алима Ақылбек

Оның айтуынша, аталған жүйе 9-сынып оқушысының қазақ немесе орыс тілі пәні мен таңдаған мамандығының бейінді екі пәнінің балын есепке алса, 11-сынып оқушысына қазақ немесе орыс тілінен бөлек, Қазақстан тарихы мен бейінді екі пән бойынша есептеледі. 

Сондай-ақ бұл конкурстан негізінен орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтарына тапсырғандар өтетін болса, жұмысшы мамандықтары тегін оқытылады. Яғни, жұмысшы мамандығын таңдаған оқушылар бірден колледжге барып, еш конкурссыз құжаттарын тапсыра алады.

Өзгелердің жаңалығы