Колледж оқытушылары еліміздің ірі кәсіпорындарында білімдерін шыңдайды
28 Қазан 2021, 15:32 71416

Колледж оқытушылары еліміздің ірі кәсіпорындарында білімдерін шыңдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың соңына дейін қазақстандық колледждердің 5 мыңға жуық оқытушысы алғаш рет еліміздің ірі кәсіпорындарында білімдерін арттырады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік колледж оқытушыларының білім беру процесіне енгізіліп жатқан оқыту әдістемелері мен жаңа технологияларды игеруі аудиторияларда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелер базасында өтуі үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізді. 

Олардың қатарында «Арселор Миттал» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» МАЭК, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС және басқалары бар.

Министрлік қазір колледжде оқып жүрген студенттердің болашақта жұмысқа орналасуы үшін қажетті практикалық білім алуына үлкен көңіл бөледі. Алға қойылған мақсатқа жету үшін біз қазір педагогтерді өндіріс орындарында оқытамыз. Жақын арада біз оқыту сапасындағы оң өзгерістерді көре аламыз деп ойлаймын, - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...