Көлгінов LRT құрылысына қаржы қайдан алынатынын айтты

13 Тамыз 2019, 11:57
1836
Бөлісу:
Көлгінов LRT құрылысына қаржы қайдан алынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Halyk Bank пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі LRT құрылысын қаржыландырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Үкімет қаулылары қабылданды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да тиісті құжаттамалар бекітілді. Енді біз екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Сіздерге айтқанымыздай, қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдедік», - деді Көлгінов Үкімет кулуарында. 

Ол LRT жобасы Halyk Bank және «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландырылатынын айтты. 

«3 процентпен келісім бар. Алдағы уақытта жұмысты бастаймз. Халық банкпен 500 млн АҚШ доллар сомасында келісім бар. «Бәйтерек» холдингі де 100 млн АҚШ долларына келісіп отыр. Бұл қаржы жұмысты бастауға жеткілікті . Жақын арада бағалы қағаздар шығарылады. Осы рәсімдерден өту қажет, күнде мұнымен жұмыс істеп жатырмыз», - деп жауап берді елорда әкімі журналистердің сауалына.
Өзгелердің жаңалығы