Қоқыс үйінділерінің мәселесі қалай шешіледі?

28 Қаңтар 2021, 17:40
3592
Бөлісу:
Қоқыс үйінділерінің мәселесі қалай шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов тұрмыстық қалдықтар туралы өткен брифингте қоқыс үйінділерінің мәселесі қалай шешілетінін айтты. 

Жаңа Экологиялық кодексте өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелері халықаралық талаптарға сәйкес келтірілген. Кодексте қалдықтармен кезең-кезеңмен жұмыс істеуге бағытталған қалдықтар иерархиясы қарастырылған. Бұл дегеніміз, ең алдымен қалдықтардың пайда болуын азайту керек, пайда болған қалдықтарды қайта пайдалану, қайта өңдеу, кәдеге жарату керек. Ал ең соңында полигондарда көму керек. Сондай-ақ халықты ҚТҚ жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің және қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесі туралы хабардар ету жүзеге асырылады, - деді Пірімқұлов.

Сондай-ақ ол қалдықтарды жіктеу Еуропалық каталогқа сәйкес жүзеге асырылып, қауіпсіз және қауіпті қалдықтардың тізбесін қамтитынын айтты.

Бұл ретте, заңсыз қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көлікке GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату, қалдықтарды тасымалдау тәртібін хабарлау және қауіпті қалдықтарды лицензиялау мәселелері көзделген. Осылайша, бұл нормалар экологиялық жағдайды түбегейлі жақсартуға және халықты қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етуге ынталандыруы керек, - деді ол.
Бұған дейін вице-министр елімізде 31,6 млрд тонна өнеркәсіптік қалдық бар екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы