Бас жаңалықтар
Көкшетаулық еңбек ұжымдары жаппай екпе алуда
PHOTO
12 Маусым 2021, 12:30 459

Көкшетаулық еңбек ұжымдары жаппай екпе алуда

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының 500-ден астам жұмысшыларына вакцинация жүргізілді. Облыс орталығында халықты вакцинациялау науқаны жалғасуда. Осы мерзім ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 22 мыңнан астам адам егілді, екінші компонентпен 10648 вакцинацияланды.

Кәсіпкерлердің айтуынша, пандемия кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігі мен үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін санитарлық бақылау шараларын сақтау жеткіліксіз. Кәсіпорындар ұжымдарының коронавирус індетіне қарсы вакцина алуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Айталық, «НОВОПЭК» ЖШС – еліміздегі полимерлік қаптама нарығындағы көшбасшы кәсіпорындардың қатарында. Зауыт заманауи жабдықтармен жабдықталған, өндірісте тек бастапқы полимерлі шикізат пен жоғары сапалы шетелдік қоспалар қолданылады. Көкшетау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов еңбек ұжымымен кездесу барысында сырқаттану деңгейі бойынша облыс орталығы «сары» аймақта орналасқанын жеткізді.

Пандемия әлі бәсеңдеген жоқ, сондықтан қала тұрғындары сақ болып, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Өзіңізді коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы – ерікті вакцинация. Ол үшін Көкшетауда барлық жағдай жасалған, қалаға тұрақты негізде вакциналар партиясы келіп түсуде, вакцинациялаудың қолжетімді пункттері ашылды. Бүгінгі күні қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарынан COVID-19-ға қарсы вакцина алуға онға жуық жаппай өтінім келіп түсті, – деп атап өтті Қанат Ысқақов.

Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауында ылжымалы медициналық кешен пайда болды. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған автобуста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өтуге болады. Кешен Назарбаев даңғылы тұсындағы жағалау тұрағында орналасқан.


«ASHYQ» жобасына 375-тен астам ақмолалық кәсіпкер қатысады, тағы 55 өтінім қаралуда. Аймақта мәртебелерді тексеру 67 карантинді бұзушыны анықтауға көмектесті. 10 маусымнан бастап өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыларға, «қызыл» мәртебесі бар адамдарға «ASHYQ» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде айыппұл салынады. Көкшетау қалалық санэпидбақылау басқармасының мамандары Красный Яр ауылында вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Егу пункті Көкшетау қаласының №13 Экос экологиялық мектеп-гимназиясында екпе жүргізді.


Өзіміз бен айналамыздағы адамдарды қауіп-қатерге ұшыратпау үшін бәріміз вакцина алуымыз керек. Біздің он алты мұғаліміміз жеке егілді, тағы отыз адам егіледі. Жақын арада вакцинаны медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ барлық адамдар алады деп үміттенемін, - дейді мектеп-гимназия директоры Светлана Ахметжанова.

Егу науқаны кезінде әркім вакцина түрін таңдауға құқылы. СЭС қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу қажеттігін түсіндірді. Негізгі мақсат – иммундық реакцияны ояту, адамды COVID-19-ға төзімді ету.


Қала дәрігерлерінің 70% - ы, педагог қызметкерлердің үштен бірінен астамы инфекциядан қорғалған. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала тұрғындарын вакцинациялау бойынша 60 пайыздық межеге ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында қол жеткізу жоспарланып отыр, - дейді бас санитарлық дәрігер Қанат Ысқақов.
Айта кетейік, бүгінде 79 мыңнан астам ақмолалық вакцинаның бірінші компонентімен егілді. Екінші компонентті 41 185 адам алды.



Фото: автордан
Загрузка...