Әкімдердің сағаты қанша тұрады?

11 Тамыз 2020, 11:15
2076
Бөлісу:
Әкімдердің сағаты қанша тұрады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Қарағанды және Қызылорда әкімдерінің сағаттарының құны талқыланып жатыр. 


Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтің Ulysse Nardin Maxi швейцарлық сағатының құны 5198 долларды құрайды. Әкім instagram -дағы тікелей эфирге шығар алдында сағатын шешіп қояды. Осы видео желіде қызу талқыланып, сағаттың құны желі қолданушыларын таңғалдырды. 

Алайда кейбір блогерлер сағаттың 809 939 долларды құрайтын Patek Philippe швейцарлық люкс санатынан болуы мүмкін екенін атады. 

Сағатының қандай екенін әкімнің өзі facebook-тегі парақшасында жазды. 
Құрметті қарағандылықтар, желі қолданушыларының қызығушылығын оятқан сағатқа қатысты бір ауыз сөз айтайын деп едім. Мен тікелей эфир алдында шешіп қойған сағатама  жыл болды. Бұл Ulysse Nardin сағатын маған 2010 жылы туыстарым 35 жылдығыма сыйлаған еді. Оған бұрын түскен суреттеріме қарап көз жеткізе аласыздар. Мен сағатымды жасырмай, тағып жүремін. Сағатымды шешіп тастаған себебім: қаланы аралап келген едім, күн ыстық болған соң галстук пен сағатымды шешіп қойдым. Оның астарында ешқандай ой болған жоқ, - деп жазды қала әкімі. 

Ал Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құрылысшылар күнімен құттықтауына орай әкімдік жариялаған суретінде ROLEX Datejust сағатын көруге болады. Бұл сағаттың құны  ашық дереккөздерде 16 мың долларды құрайды.
Өзгелердің жаңалығы